Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 20-бабы 4-тармағы 7) тармақшасына,26-бабының 5-тармағы 1)тармақшасына және 2)тармақшасына, БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК 2017 жылғы 28 шілдегі № KZ.S.01.0414 персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ақпаратпен қамтамасыз ету және жиынтық талдау бөліміне сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны веб-сайтқа орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауың ЖШС "Ұлттық аккредиттеу орталығы" Басқарма Төрағасының орынбасары Тайжановқа Қ. Н. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

