Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қантар айының 22 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №02 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы" РММ сынақ зертханасы;
Ақсай қ., Форт-Шевченко қ., "Gidromet LTD" Ақпараттық өндірістік орталығы" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "MSK Engineering" ЖШС-ң сынақ зертханасы
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Ақтау қ., "Манғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Степногорск қ., "Степногорск ЖЭО" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Орал қ., "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ-ң "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Орал сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ-ң "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы.
2. СТ РК ИСО 14065-2016 "Парникті газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар" Щучинск қ., "Eurasian GHG Managemet" ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Нұр-Султан қ., "Ecology Business Consulting" ЖШС-ң сынақ орталығы.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау қ., "Атырау Құрылыс Материалдарын Сертификаттау және Сынау компаниясы" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қазгидромет ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы.
3.3 ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Өскемен қ., "ЦентрЭКОпроект" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ., Атырау қаласындағы "Республиканский научно-исследовательский центр охраны атмосферного воздуха" ЖШС-ң филиалының экологиялық мониторинг мобильдік сынақ орталығы.
4. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

