Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қантар айының 15 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №01 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Шымкент қ., "Электроремонтно-наладочное управление" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасыны аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., Павлодар қ., "SAPA-A" фирмасы" ЖШС-ң сынақ зертаханасы;
Алматы қ., "ТелСет" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Нұр-Султан қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" ШЖҚ РМК-ң инфокоммуникациялық технологиялар қауіпсіздігінің зертханасы;
Атырау қ., "Атырау мұнай өндеу зауыты" ЖШС-ң "Орталық зауыт зертханасы" сынақ орталығы.
2.2 Алматы қ., "UniTestNew" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасыны аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 "Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
Шымкент қ., "Ел-Стандарт" ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы;
Нұр-Султан қ., "Казахстанский центр сертификации нажелезнодорожном транспорте" ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы;
Алматы қ., "ТелСет" ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы.
4. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 "Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін әртүрлі типті органдар жұмысына қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., "Казахстанский альянс инспекций и экспертиз" ЖШС-ң А типті инспекциялық органы аккредиттелсін.
5. ҚР СТ ISО 15189-2015 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес Нұр-Султан қ., "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК-ң қан қызметі республикалық референс-зертханасының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
6. СТ РК ИСО 14065-2016 "Парникті газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар" Алматы қ., "SED" ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы аккредиттелсін.
7. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
7.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
Атырау қ., "НДТ-Сервис" ЖШС-ң Атырау филиалының бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертханасы;
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы "Сырласу" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
7.2 ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., "ИВК и Компания" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, "Сырласу" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ., "Golden-Service NA" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ., "АБ Транссервис LTD" сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ.,"АБ Транссервис LTD" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Шымкент қ., "Шымкент-Метрология" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
7.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты:
Өскемен қ., "АЛТАЙТЕХЭНЕРГО" ЖШС-ң аналитикалық зертханасы;
Екібастұз қ., "Проммашкомплект" ЖШС-ң бұзбай бақылау зертханасы.
8. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3, 4, 5, 6 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
9. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

