Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы желтоқсан айының 30 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №82 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Қостанай қ., "Казлабсервис" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "AccuTest", сынық орталығы.
1.2 Ақтөбе қ., "Avant Metrology" ЖШС-ң калибрлеу зертханасы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК сынық зертханасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сынақ отралығы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерін аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Тараз қ., "AgroЭксперт-AS" ЖШС-ң сынақ және тұқымдық зертханасы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ орталығы.
3.2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Тасқала аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы және (№1 Зеленов, Бөрлі, Жаңақала) аудандық бөлімшелері атауы Қазақстан Республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Тасқала аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы және (№1 Зеленов, Бөрлі, Жаңақала) аудандық бөлімшелеріатауына өзгеруіне байланысты.
3.3 Алматы қ., "Алматы вагон жөндеу зауыты" АҚ тексеру зертханасының Алматы қ., "АГМ-Табыс" ЖШС тексеру зертханасына қайта құрылуына байланысты
4. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

