Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қазан айының 29 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №67 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Екібастұз қ., «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС-ң сынақ орталығы аккредиттелсін.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті, «Қашаған Бақылау» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС-ң жабдықтарды техникалық бақылау және диагностика сынақ зертханасы және мобильдік сынақ зертханасы;
2.2 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы,«Шегендеу Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Көкшетау қ., ҚР ЭМ-ң «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жағдайын қадағалау бойынша зертханасы;
2.3 Ақтау қ., "Везерфорд-КЭР" ЖШС-ң сынақ зертханасының "Stratum CER" ЖШС-ң сынақ зертханасы қайта құрылуына байланысты.
2.4 Алматы қ., ҚР АШМ-ң Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Қазгеокарт» филиалының метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы атауы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография бойынша Комитетінің Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Қазгеокарт» филиалының метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
3. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

