Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қазан айының 10 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №64 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
Атырау қ., "Urker Engineering, Procurement and Construction" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Маңғыстау облысы, "Северные Бузачи" кен орыны, "Buzachi Operating Ltd" (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясының филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Алматы қ., "CemEX Engineering" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "Научно-исследовательская производственная компания "Каздоринновация" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қостанай облысы, Заречный ауылы, "Фирма "SAPA-K" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Павлодар қ., "Компания Нефтехим LTD" ЖШС-ң зауыттық зерттеулер зертханасы;
Алматы қ., "ЛабСЭМ" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
Алматы қ., "ЗАМАНА ТРЕЙД" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., "СКД-7" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Қарағанды қ., «ЭКАС» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Нұр-Сұлтан қ., "M-Company" ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
3.2 Павлодар облысы, Солнечный ауылы "Станция Экибастузская ГРЭС-2" АҚ-ң, салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
3.3 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қарағанды қ., «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті мамандандырылған шахтомонтаждық құрастыру-жөңдеу «Углесервис» кәсіпорнының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының салыстырып тексеру зертханасы;
3.4 Алматы қ., "Expert Certification Kazakhstan" ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының мекен жайының өзгеруіне байланысты.
4. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

