Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қыркүйек айының 23 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №59 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес Ақтобе қ. "Парасат-2050" ЖШС-ң сынақ зертханасы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., "Кранэнерго ЛТД" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "КазСертик-А" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "ТДА СЕРВИС" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 "Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес Алматы қ., "КазСертик-А" ЖШС-ң сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Қостанай қ. "АльянсКом" ЖШС-ң аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
4.2 Нұр-Сұлтан қ. «Менеджмент жүйелерін сертификаттаудың республикалық орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы ҚР СТ ИСО 45001-2019
(ИСО 45001:2018) "Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
4.3 ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтөбе обл., Қандыағаш қ. "Вернал Ойл Казахстан" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шығыс Қазақстан обл., Қоңырбиік ауылы "Казахцемент" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "Каспий" тұшытқыш зауыты" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., "Казцинк" ЖШС-ң сертификациялық сынақ орталығы;
Ақсу қ., "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Екібастұз қ., "Станция Экибастузская ГРЭС-2" АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

