Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы тамыз айының 02 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №45 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымның сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Алматы облысы, Іргелі ауылы, "Автосерт Қазақстан" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Көкшетау қ., "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ-ң Ақмола филиалы сынақ зертханасы.
1.2 Нұр-Сұлтан қ., "А2 company" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының Степногорск қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе аймақаралық сот сараптамалары орталығының "Сот сараптамалары орталығы" РМҚК-ң филиалының сынақ зертханасы.
2.2 Өскемен қ., "Казцинк-Автоматика" ПК "Казцинк" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндері орган (әрі қарай - СРО) ретінде Алматы қ., «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-ң өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қ., ҚР ИИДМ-ң ТРжМК-ң «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң біліктілікті тексеру провайдері ретінде аккредиттелсін.
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
5.1 Қарағанды қ., «Проливная Система» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
5.2 Степногорск қ., «Астана-Нан» ЖШС-ң аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
5.3 Атырау қ., «Мистер Доорс-Атырау» ЖШС-ң сынақ зертханасының тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты.
5.4 Атырау қ., «ЭкоНорматив» жылжымалы сынақ зертханасының атауының өзгеруіне байланысты.
5.5 Грузия, Тбилиси қ., «Сентро Лаб» ЖШҚ-ң калибрлеу зертханасы ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
6. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3, 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

