Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы маусым айының 26 күнгі №32 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қапшағай қ., "Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий (ЦЭкСПИ)" ЖШС-ң сынақ (орталығы) зертханасы;
Ақтөбе қ., "Актобе ТЭЦ" ЖШС-ң сынақ орталығы.
2. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Атырау қ., "Т-Стандарт" ЖШС-ң Атырау филиалының сынақ зертханасы;
Алматы қ., "Oilsert International"/"Ойлсерт Интернешнл" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Алматы қ., "Oilsert International"/"Ойлсерт Интернешнл" ЖШС-ң өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. ISO/IEC 17021-1:2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар» және ISO/IEC 17021-2:2016 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
4.1 Монғолия, Ұлан-Батыр қ., "МОН СЕРТФ Туризм" ЖШҚ-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
5. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін әртүрлі типті органдар жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
5.1 Нұр-Сұлтан қ., "Орган инспекции по опасным техническим устройствам и их обслуживанию" ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
6. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
6.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Алматы қ.; Атырау облысы, жылыой ауданы, Прорва кен орыны, Пионер в/а; БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қ., "MSK Engineering" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., "Қазақстан метрология институты" ШЖҚ РМК-ң Батыс-Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., "Bureau Veritas Kazakhstan" ("Бюро Веритас Казахстан") ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
6.2 Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты:
Өскемен қ., «ҚР ИДМ-ң ӨҚК-ң «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалының (ҚР МШКӨҰО» РМК «ВНИИЦветмет» филиалы) сынақ орталығының атауы Өскемен қ., «ҚР ИИДМ-ң ӨҚК-ң «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалының (ҚР МШКӨҰО» РМК «ВНИИЦветмет» филиалы) сынақ орталығының атауы өзгеруіне байланысты.
6.3 Аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., "Центргеоланалит" ЖШС-ң сынақ орталығы.
6.4 Ақтау қ., «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-ң дәнекерлеу және бұзбайтын бақылау департаментінің дефектоскопия сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
7. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3, 4, 5 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
8. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

