Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес және 2019 жылғы маусым айының 12 күнгі №27 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Орал қ., «Ұлттық стандарт» сертификаттау орталығы» ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органының ҚР СТ ИСО/ТС 29001-2006 «Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Әр салаға тән сапа менеджменті жүйелері. Өнімге және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO 50001-2012 «Энергия менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулар» стандарттар талаптарына сәйкес аккредиттеу облысын кеңейтуден бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

