Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы маусым айының 12 күнгі №27 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2. Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Шымкент қ., "Водные ресурсы - Маркетинг" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., ҚР ДСМ-ң «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды қаласындағы аумақтық филиалының сынақ зертханасы.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Атырау қ., "Kazmunaiservices & Contracting" (Казмунайсервис энд контрактинг) ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Түркістан облысы, Кентау қ., "Кентауский трансформаторный завод" АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "ИНФРАДИН" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., "Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства" ЖШС-ң "Научно инновационный центр животноводства" филиалының сынақ орталығы;
Атырау қ., "NEXUS KAZAKHSTAN" ЖШС-ң жылжымалы электротехникалық зертханасы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті "КазГеоИзыскания" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "Қазақстан Метрология Институты" ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасы.
3.2 ҚР ЭМ-ң ЭРжБК-ң "Алматы қаласы бойынша экология департаменті" РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
3.3 РФ, Санкт-Петербург қ., "Авиакомпания "Россия" АҚ-ң авиациялық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің авиациялық метрология бөлімінің калибрлеу зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне және ISO/IEC 17025:2017 (ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018) "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
3.4 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтөбе қ., "ПромТехЭкспертиза" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., "Казахстанский центр метрологии" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3.5 Қарағанды қ., ҚР ИДМ-ң ИДжӨҚК-ң "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" ШЖҚ РМК-ң Қарағанды филиалының салыстырып тексеру зертханасының құрылымының өзгеруіне және атауының Қарағанды қ., Қазақстан Республикасының "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы" ЖШС-ң Қарағанды филиалының салыстырып тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
4. Нұр-Сұлтан қ., "Integra Construction KZ" ЖШС-ң жылжымалы жол құрылыс зертханасының аккредиттеу аттестатының нөміріне өзгерту енгізілуіне байланысты аккредиттеу саласы қайта бекітілсін.
5. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

