Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы маусым айының 06 күнгі №26 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Атырау қ., "KITEK CONSTRUCTION" (КАЙТЭК КОНСТРАКШН) ЖШС-ң электротехникалық зертханасы;
Алматы қ., "Unic Trade" ЖШС-ң (орталығы) сынақ зертханасы;
Алматы қ., ҚР БжҒМ-ң "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті" ШЖҚ РМК-ң " Ғылыми технологиялық паркі" ШЖҚ ҚМК-ң "Маслотест" сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "Тау-Кен Алтын" ЖШС-ң орталық зауыттық зертханасы;
Алматы қ., "Компания экологического проектирования" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
1.2 Алматы қ., "Научно-исследовательский центр сертификации" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
1.3 Алматы қ., «Қазақтелеком» АҚ филиалы - «Алыспен байланыс» бірлестігінің калибрлеу зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес "Ресурс Менеджмент" ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Алматы қ., "Акваметр" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
3.2 Павлодар облысы, Ақсу-2 қ., "Евроазиатская энергетическая корпорация" АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
3.3 Қарағанды қ., "ЭКОЭКСПЕРТ" ЖШС-ң жылжымалы/ стационарлық сынақ орталығының тұрғылықты мекен жайының атауының өзгеруіне байланысты.
3.4 Қарағанды қ., "КарагандаТехноСервис" ЖШС-ң стационарлық және жылжымалы зертханалар базасындағы сынақ орталығы атауы Қарағанды қ., "Промышленная безопасность и аудит" Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС-ң стационарлық және жылжымалы зертханалар базасындағы сынақ орталығының атауының өзгеруіне және құрылымының өзгеруіне байланысты.
3.5 Келесі аккредиттеу субъектілерінің тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., "Центр сертификации "Даму" ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган;
Алматы қ., "QAZAQ certification" ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган.
3.6 Алматы қ., "Центр сертификации продукции, услуг" сынақ орталығының аккредиттеу саласының кеңеюіне және ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
3.7 ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің сынақ зертханасының ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
4. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

