Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы мамыр айының 13 күнгі №23 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Стандарттар талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың зертханалары аккредиттелсін:
1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»:
Орал қ., "Advanced NDT" ЖШС-ң сынақ (сынақ және жылжымалы) зертханасы;
Атырау қ., "NOVA LLP" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "ГЕЕСИ КАЗ СЕРВИСЕС" ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "Zertec" ЖШС-ң сынақ зертханасы аккредиттелсін;
1.2 СТ РК ISO/IEC 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»:
Атырау қ., "Кашаган Контроль" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ., "LIKVIDATOR 101" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Панфилов ауданы, Жаркент ауылы, ҚР АШМ-ң ВБҚК-ң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ң Талдықорған аймақтық филиалының сынақ зертханасы.
Атырау қ., ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Алматы қ., ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ орталығы.
2.2 аккредиттеу субъектісінің атауыынң өзгеруіне байланысты:
Астана қ., «Серконс» ЖШС-ң сынақ орталығы атауы Нұр-Сұлтан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты.
Астана қ., «Серконс» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы атауы Нұр-Сұлтан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы атауына өзгеруіне байланысты;
Астана қ., «Серконс» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы атауы Нұр-Сұлтан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы атауына өзгеруіне байланысты.
3. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

