Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы мамыр айының 02 күнгі №22 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Күлсары қ., ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Күлсары қалалық бөлімінің филиалының сынақ орталығы;
Алматы қ., «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» КАҚ-ң «Тамақ сапасы және технологиясы инновациялық зерттеу және білім беру орталығы» сынақ орталығы;
Алматы қ., "KBM-Standard" ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз ауылы, "Тау-Кен строй" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "Elmont Engineering" (Элмонт Инжиниринг) ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ., "НАЗ-Стандарт" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., "Астанинский весовой завод" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақсай қ., "Батыс өндіріс-құрылыс сервисі" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Тараз қ., "Контроль И Диагностика" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қ., ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., "QS Azia Sertik" ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Павлодар қ., «Казахстанский проектно-исследовательский институт "КАЗАХСТАНПРОЕКТ" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Қостанай облысы, Жаркөл ауылы "ЗерноАгроЭксперт" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4.2 аккредиттеу субъектісінің тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне және аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
ШҚО, Өскемен қ., «Қазақтелеком» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының салыстырып тексеру зертханасы.
4.3 аккредиттеу субъектісінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., Научно-технический центр "Охрана труда" ЖШС-ң Сынақ зертханасы.
4.4 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес: стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Павлодар қ., "Каустик" АҚ-ң сынақ орталығы;
Орал қ., "Munai Gas Engineering" ЖШС-ң салыстырып тексеру орталығы.
5. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

