Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы сәуір айының 17 күнгі №21 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, «EXPRES TRANSPORT» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., «Standart-KAZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу субъектісінің тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
Атырау қ., «Центр Сертификации «Батыс Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
2.2 аккредиттеу субъектілерінің мекен жайының атауының өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Павлодар қ., «Гринпром-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3.«ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

