Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы ак-кредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы сәуір айының 15 күнгі №20 аккредиттеу материалдарын қарасты-ру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертхана-ларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәй-кес:
1.1 Атырау қаласы және Атырау облысы, Теңіз вахталық ауылы, «Алсер Лтд» ЖШС-ң сынақ зертханасы аккредиттелсін.
2. СТ РК ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Орал қаласы, ҚР ДСМ-ң БҚО бойынша ҚДСК-ң «Ұлттық сарап-тау орталығы» ШЖҚ РМК-ң медициналық зертханасы аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Астана қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының салыстырып текстеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қаласы.
4. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетіл-ген жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне бе-рілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

