Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы сәуір айының 02 күнгі №17 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Астана қ., "Исследовательский центр по безопасности охране труда, промышленной безопасности" ЖШС-ң санитарлық-гигиеналық зертханасы сынақ зертханасы;
Орал қ., "Орал-Жер" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Ақтөбе қ., "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ң Ақтөбе өндірістік филиалының сынақ зертханасы;
Атырау қ., "Caspian Offshore Construction Realty" ("Каспиан Оффшор Констракшн Реалти") ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., "Лаборатория-Атмосфера" ЖШС-ң аналитикалық зертханасы.
1.2 Атырау қ., "Aktobe Gas Innovations" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Павлодар қ., "ДиаМет ПВ" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., "Поверка" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2.2 аккредиттеу саласының кеңеюіне және СТ РК ИСО/МЭК 17025-2018 стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтау қ., ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының сынақ орталығы.
2.3 СТ РК ИСО/МЭК 17025-2018 стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Павлодар., «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2.4 аккредиттеу саласының қырқартылуына байланысты:
Қостанай қ., «ГЭСПОЛ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Қызылорда облысы, Сексеуіл станциясы, «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
2.5 аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты:
Шымкент қ., ҚР АШМ-ң ВБжҚК-ң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасының атауы Шымкент қ., ҚР АШМ-ң ВБжҚК-ң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ң Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Алматы Су» ШЖҚ МКК-ң Су бұру Департаментінің сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесі атауы Алматы қаласысының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Алматы Су» ШЖҚ МКК-ң Су бұру Департаментінің сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесі атауына өзгеруіне байланысты;
Қостанай қ., «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрификацияландыру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң Қостанай филиалының сынақ зертханасының атауы «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, «Қанжуған» кеніші «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС-ң «ЖТИ-ЗЕРДЕ» филиалының материалдарды зерттеу және талдау зертханасының атауы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, «Қанжуған» кеніші «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС-ң материалдарды зерттеу және талдау зертханасының атауына өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., ҚР ДСМ «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК-ң Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымдық пайдалану зертханасы / медициналық зертханасының атауы Қарағанды қ, «Қарағанды медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымдық пайдалану зертханасы медициналық зертханасына (орталығы) өзгеруіне байланысты.
Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМК-ң клиникалық-диагностикалық зертханасының атауы Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК-ң орталықтандырылған зертханасы.
2.6 аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., «ТЕКС» ЖШС-ң сертификациялық сынақ орталығы;
Шымкент қ., «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскемен қ., «КазЦинк» сертификациялық сынақ орталығы сынақ зертханасы;
Алматы қ., «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығы.
3. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

