Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы ақпан айының 05 күнгі №9 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"Туран Бизнес Групп" ЖШС-ң СЗ, Шымкент қ;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Жамбыл филиалының сынақ орталығы, Тараз қ.
ҚР ЭМ-ң Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Филиалының Жезқазған қ. қоршаған ортаның жағдайын қадағалау бойынша зертханасы;
«Группа по стандартизации, сертификации и метрологии «Zhambyl Standart» ЖШС-ң СЗ, Тараз қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндері орган (әрі қарай - СРО) ретінде «Группа по стандартизации, сертификации и метрологии «Zhambyl Standart» ЖШС-ң ӨҚ СРО, Тараз қ. аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң СҚО бойынш филиалының СО, Петропавл қ.
«Промсервис-Отан» ЖШС-ң санитарлық-профиалктикалық сынақ зертханасы, г.Экибастуз;
3.2 «Узстандарт» Агенттігінің «Бухарский центр испытаний и сертификации» МК-ң химиялық өнімдерді сынау бойынша зертханасы Өзбекстан Республикасы, Бухара қаласы, аккредиттеу саласының 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» КО ТР-ң қысқартылуына байланысты:
3.3 аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты:
«Эмбамунайавтоматика» ЖШС-ң СТЗ, Атырау қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

