Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы қаңтар айының 31 күнгі №8 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
«ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-ң СЗ, Петропавл қ, СҚО, Новоишим а; Қостанай обл, Затобольск және Жаркөл а; Павлодар обл., Железинка а;
«Bazis Construction» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар:
«КазТаразМетр» ЖШС-ң СТЗ, Тараз қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Центр Консалтинг» ЖШС-ң аналитикалық зертханасы, Алматы қ.
2.2 аккредиттеу саласының кеңеюіне және тұрғылықты мекен жайының өзгеруіне байланысты «KLM Service» ЖШС-ң СТЗ, Астана қ.
2.3 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«КазТрейд Сервис Групп» ЖШС-ң СЗ, Шымкент қ;
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ң СТЗ, Павлодар қ;
«Munai Gas Engineering» ЖШС-ң СТЗ, Орал қ.
2.4 аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты:
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс-IT-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелер департаментінің «Қазмысавтоматика» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш автоматика цехінің СТЗ, Балхаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС IT жөніндегі директор қызметінің Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелер департаментінің «Қазмысавтоматика» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш автоматика цехінің СТЗ, Балхаш қ.
«Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрификацияландыру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасы атауы «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкол филиалының СЗ, Ақкол қ., Ақмола облысы, атауына өзгеруіне байланысты.
3. Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң СРО-ң тұрғылықты мекен-жайының өзгеруі ескерілсін.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

