Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы ақпан айының 20 күнгі №13 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін.
1.1 калибрлеу зертханасы (әрі қарай - КЗ) ретінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң - «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының КЗ, Павлодар қ., аккредиттелсін.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Сантех-Строй Алматы Ко» ЖШС-ң СТЗ, Алматы қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

