Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы ақпан айының 15 күнгі №12 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде:
«Туркестан KZ» ЖШС-ң СЗ, Шымкент қ.;
ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қостанай облысы бойынша филиалының СЗ, Қостанай қ.;
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай – СТЗ) ретінде:
«Энергомера-1» ЖШС-ң СТЗ, Шымкент қ.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде Өскемен қ., «Шығыс Қазақстан облыстық аурухана» ШЖҚ КМК-ң орталықтандырылған зертханалық бөлімі аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақтөбе филиалының СО;
«RD fire group» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.;
ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Түркістан облысы бойынша филиалалының СО, Шымкент қ.;
ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалалының СО, Орал қ.;
«Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ғылыми-зерттеу зертханалық орталығы, Ақтау қ.;
«Айгерим» ЖШС-ң СТЗ, Шымкент қ.
3.2 тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«LLP Royal» ЖШС-ң СЗ, Шымкент қ.;
«Лесная сертификация» ЖШҚ-ң ӨжҚ СРО, Москва қ;
«Орда Серт» ЖШС-ң МЖ СРО, г.Астана.
3.3 аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты:
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-ң СЗ, Шымкент қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

