Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы ақпан айының 12 күнгі №11 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде "Кран Сервис ЛТД" ЖШС-ң СЗ, Атырау қ. аккредиттелсін.
2. Ақтау қ., "а-центр" ЖШС-ң СЗ-ң мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

