Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы ақпан айының 11 күнгі №10 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"Испытательный центр Орал" ЖШС-ң сынақ орталығы, Орал қ.;
ҚР БжҒМ-ң «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті»
ШЖҚ РМК-ң тау-кен металлургия кешеніндегі метан энергиясының зертханасы СЗ, Қарағанды қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"Казахстанский национальный университет аэрокосмического приборостроения" жеке мекемесінің СТЗ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
РФ, Подольск қ., "Машиностроительный завод "ЗиО-Подольск" Қоғамдық акционерлік қоғамның материалды зертханалық сынау орталығының сынақ орталығы;
«Астана Менеджмент» ЖШС-ң МЖ СРО, Астана қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

