Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2019 жылғы қаңтар айының 16 күнгі №5 аккредиттеу материалдарын қарастыру хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"Караганда-Стандарт" ЖШС-ң СЗ, Қараганды қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"Астана су арнасы" МКК-ң СТЗ, Астана қ.
1.3 калибрлеу зертханасы (әрі қарай - КЗ) ретінде келесі ұйымдар:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қарағанды филиалының КЗ, Қарағанды қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 СТ РК ИСО/МЭК 17025-2018 стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты «Всероссийское производственное объединение «Зарубежатомэнергострой» Акционерлік қоғамының (ВПО «ЗАЭС» АҚ) тәуелсіз сарапшылық металтану зертханасы.
2.2 зертхана атауының өзгеруіне байланысты:
Атырау қ., «KAZ-NDT-SERVICE (КАЗ-НДТ-СЕРВИС)» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбай бақылау сынақ зертханасы атауы Атырау қ., «KAZ-NDT-SERVICE (КАЗ-НДТ-СЕРВИС)» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты (аккредиттеу саласы ескерілсін).
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

