«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 7528-25-00-3/23981 қаулысы мен Алматы қаласының сотының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 3а/782 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Евро-Тест» ЖШС сынақ зертханасын 2026 жылғы 6 ақпанына дейін, 2021 жылғы 21 қазандағы № KZ.T.02.Е0603 аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

