«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Техникалық реттеу және метрология комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 05 маусымдағы № 262300610000003 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 2024 жылғы 20 маусымдағы № KZ.Т.06.2217 аккредиттеу аттестатының иесі «Batys-7» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің (БСН 181240014193) аккредиттеу аттестатының қолданылуын 22 маусымнан бастап 2026 жылғы 22 желтоқсанға дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

