«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Техникалық реттеу және метрология комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 267500610000052 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 2025 жылғы 19 желтоқсанда берілген KZ.T.02.3001 аккредиттеу аттестатының, қызметтің N2 санаты бойынша кіші түріне қатысты аккредиттеу саласы бөлігінде, «TECHNO TRADE SERVICE» ЖШС-не (БСН 250240020297) тиесілі аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 20 маусымнан 2026 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі аралықта 6 (алты) ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

