Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қыркүйек айының 8 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 75-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Султан қ., «Business Certification Centre» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты рәсімделсін, ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» талаптарына сәйкес жаңа нұсқасына көшуіне байланысты және саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу саласы рәсімделсін.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

