«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 21 тамыздан 2025 жылғы 21 қарашаға дейін ұзартылсын:
- Астана қ., «Сауда палатасы фирмасы» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.01.0835 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., «Учебный центр «ТрансПромКонсалт» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.2372 аккредиттеу аттестаты;
- Шымкент қ., «Реактивснаб» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.16.0703 аккредиттеу аттестаты;
- Көкшетау қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.03.0724 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

