Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қыркүйек айының 16 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 77 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Ақмола облысы, Атбасар қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының аудандық бөлімшесіның сынақ орталығы;
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., «Аршин» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Екібастұз қ., Өскемен қ., «Айдабол Компани» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Алматы сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Аршин» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалының калибрлеу зертханасы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне және ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Өскемен қ., «Полисертико» ЖШС-ң сынақ орталығы.
2.2 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «Инженерный центр «Астана» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

