Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 1 тамыздағы № 201 и 201-1 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қ. «Туран Бизнес Групп» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Павлодар қ., «Павлодарский нефтехимический завод» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Көкшетау қ., «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-ң «Су сапасы» ғылыми-зерттеу зертханасының сынақ зертханасы;
3) Орал қ., «ИЛ ОРАЛ EXPERT» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Ақтау қ., «MTES-SERT» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Рудный қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қостанай облысы бойынша филиалының Рудный қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы;
6) Петропавл қ., «Стадия» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Атырау қ., «RELAY ZHOLDAS/РИЛЕЙ ЖОЛДАС» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
8) Алматы қ., «ТумарМед» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының біліктілікті тексеру провайдерінің;
2) Өскемен қ., «ЦентрЭКОпроект» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Nomad Eco» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақсу қ., «ЕЭК» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасының;
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Жаңаөзен қ., «Өзенмұнайгаз» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Көкшетау қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Ақмола филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
8. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

