Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 16-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Акваметр Тех» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 30.06.2021 жылы берілген № KZ.P.02.2435 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Өлшемнің 07 және 10 түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

