«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 15 қыркүйектен 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы KZ.И.07.0848 аккредиттеу аттестаты;
«Аспан» ЖШС химиялық-аналитикалық зертханасы KZ.И.09.0893 аккредиттеу аттестаты;
«Аналитик АФ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы KZ.О.01.0934 аккредиттеу аттестаты;
«ORGANIC» МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН СЫНАЙТЫН ТӘУЕЛСІЗ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС сынақ орталығы KZ.И.02.0905 аккредиттеу аттестаты;
«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС бұзбай бақылау сынақ зертханасы KZ.Т.13.0779 аккредиттеу аттестаты;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Ақтау теңіз порты» ЕЭА экология бекетінің сынақ зертханасы KZ.P.10.0862 аккредиттеу аттестаты;
«Т-Стандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы KZ.Q.02.0872 аккредиттеу аттестаты;
«Өнімдер сапасын тексеру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы KZ.T.02.0850 аккредиттеу аттестаты;
«Өнімдер сапасын тексеру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы KZ.О.02.0851 аккредиттеу аттестаты;
2. Аккредиттеу туралы куәліктердің қолданылу мерзімін аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілерінің 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 11 қарашаға дейін ұзартыңыз:
«Қаратау» тау-кен өңдейтін комплексі «КАЗФОСФАТ» ЖШС филиалының өнеркәсіптік-санитарлық сынақ зертханасы КZ.И.08.0757 аккредиттеу аттестаты;
«Единый расчетный центр г. Павлодара» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.14.0860 аккредиттеу аттестаты;
«Казатомпром-SaUran» ЖШС «Рудник Таукент» филиалы радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау зертханасы KZ.T.16.0763 аккредиттеу аттестаты;
«Научный аналитический центр» ЖШС сынақ зертханасы KZ.T.02.0926 аккредиттеу аттестаты;
«QS Azia Sertik» ЖШС сынақ орталығы KZ.И.02.0801 аккредиттеу аттестаты;
«Промышленная безопасность и аудит» Ғылыми-техникалық орталық жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стационарлық және жылжымалы зертханалар базасындағы сынақ орталығы KZ.T.10.1644 аккредиттеу аттестаты;
«QS Azia Sertik» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы KZ.О.02.0802 аккредиттеу аттестаты.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.

