«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «KazMedServiceGroup» салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.01.E0368 аккредиттеу аттестаты;
2) Атырау облысы, «Инжтехсервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.E0419 аккредиттеу аттестаты;
3) Астана қ., «Центр сертификации «Астана Менеджмент» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.01.E0363 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «QS АЛАТАУ СЕРТ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.02.E0370 аккредиттеу аттестаты;
5) ) Астана қ., «NDT CERT» ЖШС персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.S.01.E0374 аккредиттеу аттестаты;
6) Петропавл қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасының № KZ.T.01.E0380 аккредиттеу аттестаты;
7) Теміртау қ., «Qarmet» АҚ калибрлеу Орталық метрология зертханасының калибрлеу зертханасының № KZ.K.10.E0362 аккредиттеу аттестаты;
8) Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» сынақ орталығының № KZ.T.02.E0367 аккредиттеу аттестаты;
9) Павлодар қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының сынақ орталығының № KZ.T.14.E0364 аккредиттеу аттестаты;
10) «Қамқор Вагон» ЖШС «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехінің сынақ зертханасының № KZ.T.14.E0377 аккредиттеу аттестаты;
11) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.01.E0376 аккредиттеу аттестаты;
12) Ақтөбе қ., «Испытательный центр» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.05.E0381 аккредиттеу аттестаты;
13) Петропавл қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.15.E0428 аккредиттеу аттестаты;
14) Шымкент қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.16.E0427 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 30 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

