Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 27 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 50 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1: 2015 «Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптардың сәйкестігін бағалау. Талаптың 1-бөлігі» талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган «Орда Серт» ЖШС, Алматы қ. аккредиттелсін;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін;
«Kural Trade» ЖШС сынақ зертханасы, Тараз қаласы;
«КРОСС-2» ЖШС сынақ зертханасы, Көкшетау қаласы;
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«ЦентрЭКОПроект» ЖШС сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
«ЗЕРТХАНА-АТМОСФЕРА» ЖШС талдау зертханасы, Өскемен қ;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы;
3.2 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Стик СМ» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қаласы;
«Асфальтобетон 1» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Алматы қаласы;
«Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу зертханасының сынақ зертханасы, Алматы қаласы;
3.3 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Bazis Construction» ЖШС жол-құрылыс сынақ зертханасы, Алматы қ;
«Nexus Kazakhstan» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы, Атырау қ;
3.4 Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты:
«BI Astana Roads» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы Нұр-сұлтан қаласы;
«ИВК и Компания» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы;
3.5 «Центр Консалтинг» ЖШС аналитикалық зертханасы орналасқан жердің өзгеруіне байланысты, Алматы қ.;
3.6 ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Менеджмент жүйелерінің аудиті мен сертификаттауын қамтамасыз ететін қорғандарға талаптардың сәйкестігін бағалау» талаптарына сәйкестікке көшу назарға алынсын 2-бөлім. Аудитті жүргізу және экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау үшін персоналдың құзыреттілігіне қойылатын талаптар және ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға сәйкестікті бағалау. 3 бөлім. Аудит жүргізу және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау үшін компетенттілік талаптары» талаптары сәйкестігіне көшуі назарға алынсын:
«QS Azia Sertik» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның, Алматы қаласы;
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1,2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 97-ОД 31.01.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

