«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 26 шілдеден 2024 жылғы 26 қазанға дейін ұзартылсын:
1) Түркістан қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі сынақ зертханасының № KZ.T.19.0330 аккредиттеу аттестаты;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы медициналық зертханасының № KZ.M.02.2243 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қ., «Relay Zholdas/Рилей Жолдас» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.0606 аккредиттеу аттестаты;
4) Тараз қ., «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ химиялық зертханасының № KZ.T.08.0425 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

