«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «Казахстанский Центр Качества» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2020 жылғы 14 тамыздағы № KZ.Q.02.0729 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 14 тамыздан 2025 жылғы 14 қарашаға дейін ұзартылсын.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

