Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 21 шілдедегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 12-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Инновациялық зерттеулер және технологиялар институты» ЖШС-ң сынақ зертханасына, 03.09.2021 жылы берілген № KZ.T.02.E0474 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарының атмосфераға шығарындылары» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурсына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 963-ОД 26.07.2022 уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

