Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 24 шілдедегі № 190 и 190-1 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «QAZAUTOLAB» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ. «Туркестан KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Ақтау қ., «Innovative Digital Technologies» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Алматы облысы, Айтей ауылы, «Каз-Автостандарт» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Ақтөбе қ., «ТехАвтоЛаб» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Талдықорған қ., «Мед Лаборатория» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Алматы қ., «Eco Almaty» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
8) Алматы қ., «Scientia Kazakhstan» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
9) Қостанай облысы, Лисаков қ., «ЕвроТест-Б» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
10) Қызылорда қ., «Қыран» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
11) Петропавл қ., «НТС-Бетон» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
12) Астана қ., «Инфрадин» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
13) Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы, ЧМУ «Здоровое поколение» сынақ зертханасы;
14) Атырау қ., «Алсер ЛТД» ЖШС-4 сынақ орталығы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Шымкент қ., «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-4 сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Certauto» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
3) Ақтау қ., «Алматы-Стандарт-Ақтау филиалы» ЖШС-ң сынақ орталығы;
4) Павлодар қ., «ТехТоргСнаб» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Солтүстік Қазақстан облысы, Астрахан ауылы, «Испытательная лаборатория СТРОЙЭКСПЕРТ» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Көкшетау қ., «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
4. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК калибрлеу зертханасы;
2) Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы;
3) Алматы қ., «Центр экспертной оценки условий труда» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «Геостройизескания» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
5) Астана қ., «KazEcoProfit» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі орган.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
9. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

