«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) Жарғысының 22-тармағының 6) тармақшасына және 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 5-В аккредиттеу жөніндегі комиссияның хаттамасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
«ҰАО» РМК Бас директорының «Аккредиттеу аттестатын қайта жаңғарту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1690-ОД бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
- 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2024 жылғы 15 қаңтардағы № KZ.T.02.2630 аккредиттеу аттестатын Алматы қ., «Юг Моторс Групп» ЖШС-ның жылжымалы сынақ зертханасынан Алматы қ., «Юг Моторс Групп» ЖШС-ның сынақ зертханасына статусын өзгерту және аккредиттеу субъектісінің мекенжайын ауыстыруына байланысты қайта жаңғартылып, ресімделсін».
- 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
-
«ҰАО» РМК мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда аталған аккредиттеу субъектісіне хабарласын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

