«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 6 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 2022 жылғы 8 желтоқсандағы №KZ.T.01.2612 «Medi TEC-NS» ЖШС Астана қаласы бойынша филиалы сынақ зертханасын 2026 жылғы 4 ақпанына дейін, аккредиттеу аттестатының «дезинфекциялау құралдарын» сынау бөлігінде қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

