«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Абай облысының Семей қаласы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылық сотының 24.07.2025 жылғы № 1012-25-00-3/3979 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 23.07.2025 жылғы № KZ.T.17.0691 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының «Семей» филиалы N3 санатындағы автокөлік құралдары бөлігінде 2026 жылғы 08 ақпанға дейін, аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

