«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 22 шілдеден 2024 жылғы 22 қазанға дейін ұзартылсын:
1) Астана қ., «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ «Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертханасы)» № KZ.T.01.2238 аккредиттеу аттестаты;
2) Лисаковск қ., «Евро Тест-Б» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.1518 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

