Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орда Проект Консалтинг» ЖШС сынақ зертханасының 09.09.2021 жылғы № KZ.T.12.E0537 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Казахстан сертификация» ЖШС сәйкестігін растау жөніндегі органның 17.08.2021 жылғы № KZ.O.10.E0396 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Казахстан сертификация» ЖШС сынақ зертханасының 20.06.2024 жылғы № КZ.Т.10.2193 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы «КазТрансОйл» АҚ филиалының сынақ зертханасының 08.04.2020 жылғы № KZ.T.02.0282 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
6. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Б.С. Еримбетовқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

