«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директордың міндетін атқарушысының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 806-ОД «Шымкент қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ Шымкент қаласындағы сынақ зертханасын аккредиттеуден бас тарту туралы» бұйрығын жою туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директордың міндетін атқарушысының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 806-ОД «Шымкент қ., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ Шымкент қаласындағы сынақ зертханасын аккредиттеуден бас тарту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
2.«ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу департаменті аккредиттеу материалдарын пысықтасын және аккредиттеу бойынша комиссияға ұсынсын.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

