Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
«Zertec» ЖШС сынақ зертханасының 2022 жылғы 09 ақпандағы KZ.T.01.E0817 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Аппарат басшысы М.Б.Копабаевақа, 3 және 4-тармақтарының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

