Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «MEGASTANDARD» ЖШС тексеру зертханасының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № KZ.P.10.2381 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
- Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
- Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
- Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

