«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 18.07.2025 жылғы № 6312-25-00-3/4954 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 07.08.2023 жылғы № KZ.T.07.0236 «Экология-Сервис» ЖШС аналитикалық зертхананы «Аудандар (селитебті) ауасымен санитариялық-қорғау аймағының атмосфералық ауасы» бөлігінде 2026 жылғы 04 ақпанға дейін, аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

