Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 23 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 369 және 370 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістермен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий (ЦЭкСПИ)» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы;
«Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік орталығы» ЖШС сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
«АЗДИ» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Казцинк» ЖШС сертификациялық сынақ орталығы, Өскемен қ., Риддер қ,, Алтай қ.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар» салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
«Munai Gas Engineering» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.;
2.3 Келесі ұйымның калибрлеу зертханасы аккредиттелсін:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының өлшем құралдарын салыстырып тексеру бөлімінің калибрлеу зертханасы, Петропавл қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Атырау филиалының сынақ орталығы, Атырау қ.;
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Ақтөбе филиалының сынақ орталығы, Ақтөбе қ.;
«Фирма Торговая палата» ЖШС сынақ орталығы, Нұр-Сұлтан қ.;
3.3 Келесі аккредиттеу субъектінің атауының өзгеруіне байланысты:
«Рахат» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ. атауы «ЛОТТЕ Рахат» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ. атауына өзгеруіне байланысты
3.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«АСП-Экс» ЖШС сынақ зертханасы, Қостанай облысы, Тобыл қ.
4. ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

