Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 21 бабының 7 тармағына сәйкес және 2021 жылғы 23 тамыздағы № 371 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ, «Sapa Lab» ЖШС клиникалық-диагностикалық зертханасының 2020 жылғы 7 тамыздағы берілген № KZ.M.02.2356 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделуден бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған ұйымды хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

